АҚШ-тың қолдауы Израильді УЕФА-дан шеттетуден құтқарды

25.09.2025, 19:15

УЕФА Израиль ұлттық құрамасын және клубтарын халықаралық турнирлерден шеттету жоспарын қарастырмайды. Бұл туралы Israelhayom басылымы хабарлады.

АҚШ-тың қолдауы Израильді УЕФА-дан шеттетуден құтқарды

Дереккөздің мәліметінше, мұндай шешім АҚШ тарапынан ұйым басшылығына жасалған қысымнан кейін қабылданған. 

Израильге көптеген дипломаттар, футбол федерацияларының өкілдері және спорт саласындағы беделді тұлғалар қолдау көрсеткен.

Осының арқасында Израиль футбол қауымдастығы Eурокубоктарға қатысу құқығынан айырылған жоқ. Бұл Тель-Авивтік “Маккаби” клубына 2025/2026 жылғы маусымда Еуропа лигасында ойнауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұған дейін FIFA және УЕФА шешімімен Ресейдің барлық клубтары мен ұлттық құрамалары халықаралық жарыстардан шеттетілген болатын. Ал Израиль бұндай қауіптен аман қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×