“Ақша тауып алудың соңғы мүмкіндігі” – Нанидің “Ақтөбеге” келуінің себебі неде?

Бүгін, 13:24

Белгілі Ресейлік комментатор әрі сарапшы Александр Шмурнов Нанидің "Ақтөбеге" ауысуының астарында не жатқанын ашық айтып, жанкүйерлердің аптығын басты, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Ақша тауып алудың соңғы мүмкіндігі” – Нанидің “Ақтөбеге” келуінің себебі неде?

Шмурновтың пікірінше, Нанидің Қазақстанға келуі — спорттық жетістіктен гөрі, жарнамалық жобаға көбірек ұқсайды. Сарапшы 39 жастағы ардагерден алаңда ерекше ерлік күтудің қажеті жоқ екенін нақтылады.

“Бұл жерден ерекше ештеңе көріп тұрған жоқпын. Бұл — қазақстандық клуб үшін таза пиар-акция. Нани мен оның агенті үшін ақша тауып алудың соңғы мүмкіндігі болар. Оның қазіргі жасында керемет ойын көрсете алмайтыны айдан анық.” — деді Шмурнов Sports24.kz сайтына берген сұхбатында.

Дегенмен, сарапшы бұл трансфердің Қазақстан футболы үшін бір пайдасы барын да атап өтті. Бұл — клубтың қаржылық қуатын паш етудің жолы.

"Нани секілді есімдер арқылы клуб жаңа демеушілердің назарын аудара алады. “Ақтөбенің” бұл қадамы өзге клуб иелеріне де әлемдік деңгейдегі жұлдыздарды шақыруға болатынын көрсеткендей болды."

Александр Шмурнов Наниді “кешегі күннің батыры” деп атаса да, бұл трансфердің стратегиялық маңызына тоқталды. Оның айтуынша, егер Нанидің артынан Қазақстанға деңгейі жоғарырақ, жас әрі мықты ойыншлыар ағыла бастаса, онда бұл қадамның жемісі болмақ.

“Жалғыз өзі Нани ештеңе бере алмайды. Бірақ ол арқылы басқа сапалы ойыншылар Қазақстанда жақсы ақша, қолайлы жағдай мен қызықты мақсаттар бар екенін түсінсе, міне, сонда ғана бұл ауысу пайдалы болады." — деп түйіндеді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×