"ПСЖ" президенті Нассер Аль-Хелафи клубтың шабуылын жаңа деңгейге көтеру жоспарын бастап кетті.
Don Balon дерегінше, оның басты мақсаты "Реалдың” жұлдызы Винисиусты Парижге әкелу. Франциялық клуб Бразилиялық форвардқа бас тарту мүмкін емес орасан ұсыныс дайындап жатыр.
Қазіргі уақытта Винисиустың "Реалмен” келісімшарты 2026 жылға дейін жарамды. Егер ол алдағы айларда келісімін ұзартпаса, оның трансферлік құны төмендеуі немесе 2026 жылы еркін агент ретінде кетіп қалуы ғажап емес. Бұл "Реал" үшін үлкен қауіпке айналмақ.
Ал ПСЖ болса, оған жоғары жалақы мен шабуылдағы көшбасшылық рөлді уәде етіп отыр.