Ақшасы таусылмайтын "жаңақорғандықтар" жаңа футболшыны өз қатарларына қосқысы келеді

09.08.2025, 17:49

«Ньюкасл» Мәлік Тиауды сатып алу үшін «Миланға» 40 миллион еуро (бонуспен қоса) ұсынды. Клубтар келісімге жақын.

 

Ақшасы таусылмайтын "жаңақорғандықтар" жаңа футболшыны өз қатарларына қосқысы келеді
Мәлік Тиау

Ағылшын клубы 24 жастағы орталық қорғаушыны алу әрекетін жалғастыруда. Олар Тиау үшін ұсынысты 40 миллион еуроға дейін көтерді.

Sky Sport деректеріне сәйкес, екі клуб келісімге өте жақын.

Бұған дейін «Милан» Тиауға «Ньюкаслдың» 30 миллион еуро көлеміндегі ұсынысын қабылдамаған болатын.

Өткен маусымда Мәлік Тиау Серия А-да 22 матч өткізіп, екі сары қағаз алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×