Ақтауда УЕФА стандарты бойынша стадион салынбақ

Маңғыстау әкімдігі 10 мың адамды сыйдыратын спорттық нысан құрылысын бастауға ниеттеніп отыр.

Ақтауда УЕФА стандарты бойынша стадион салынбақ

Халықаралық стандарттарға сай стадион жобасын Маңғыстау облысы әкімі Нұрдәулет Қилыбай мақұлдады. 10 мың адамға жоспарланған спорт нысаны цифрлы технологиялармен жабдықталған қазақстандағы бірегей жоба болмақ.

Әкімдікте бұл стадион тек футбол емес басқа да спорттар ұштасқан аумақ ретінде қарастырылады.

Айта кетейік, Бірінші Лиганың өткен маусымында чемпион болған “Каспий” командасының өзіндік стандартқа сай стадионы жоқ. Соның кесірінен Ақтау ұжымы Премьердегі өз алаң ойындарын тыста өткізуге мәжбүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
×