“Ақтөбе” аргентиналық шабуылшысын қайта қатарға қосты

Аугустин Пасторице ақ-қызылдар ұжымымен бірге елордасы Астанада дайындық жұмыстарын бастады.

“Ақтөбе” аргентиналық шабуылшысын қайта қатарға қосты

2026 жылдың бірінші айынан бері жарақатынан емделіп келген Пасторице 16 наурыз күні “Қайратқа” қарсы кездесуге қатысу мүмкіндігі жоғары. Бұған дейін Премьердің Тобылға қарсы 4:1 есебімен аяқталған жеңісті кездесуіне қатыспаған Пибе алғаш рет әке атанып, өз отбасымен бірге Аргентинада тұрақтаған болатын. Енді міне жарақаты айыққан қаптал вингері “Ақтөбемен” бірге!

30 жастағы ойыншы өткен маусымда “Культурал” Леонеса ұжымында 16 матч өткізіп, 2 гол мен 2 голдық пас берді. Өз мансабында аргентиналық испандық ұжымдардан бөлек, финляндиялық “Интердің” жейдесінде өнер көрсетті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
×