«Ақтөбе» футбол клубы бас бапкері Николай Костовтың қызметіне бұдан ары да жүгіне беретін сыңайлы.
Бұл туралы ASnews.kz хабарлаған еді. Осыған дейін біраз БАҚ-та «қызыл-ақтар» тізгінін Роман Григорчук немесе Виктор Скрипник ұстауы мүмкін деген ақпарат тараған. «Ақтөбенің» мұндай шешім қабылдауына клубтың украиналық футбол агенті Вадим Шаблиймен байланысты үзуі түрткі болған ұқсайды.
«Бұған дейін Шаблий «ақ-қызылдарға» Украинадан бірнеше бапкерді ұсынған болатын. Олардың қатарында Роман Григорчук пен Виктор Скрипник те бар. Сонымен қатар «Ақтөбенің» шорт-листінде Тарас Качараба, Артем Шабанов, Андрей Ярмоленко секілді украиналық футболшылар болды.Клубтың жаңа басшылығы негізінен еуропалық және латынамерикалық футболшыларды қатарына қосқысы келеді. Сондай-ақ, болгариялық бапкер Николай Костовтың «Ақтөбеде» қалу ықтималдығы жоғары болып тұр», - делінген сайт материалында.
«Ақтөбе» ҚПЛ-2025-ті 5-орынмен аяқтап, Еурокубоксіз қалды.