"Қайрат" - "Ақтөбе" кездесуі
«Ақтөбенің» бас бапкері Николай Костов командасының мақсат-міндеттерін айтып, жоспарымен бөлісті.
«Мен «Ақтөбенің» осы жылдағы үшінші бапкерімін. Менің мойнымда ешқандай міндет жоқ. Басты міндеті – әрбір матчты ұту. Шынымды айтсам, үшінші орын, төртінші орын ба, қарамайды да екем. Өйткені, қазір оның не қажеті бар», - деді Н. Костов «Sports.kz» порталына.
ҚПЛ-дің 23 турынан кейін «Ақтөбе» 39 ұпаймен төртінші орында тұр. Кеше «ақ-қызылдар» «Қайратпен» кездесіп, 0:1-мен ұтылды.