Клуб Премьер-лигада үшінші ойын қатарынан ұпай жоғалтты.
Бүгінгі кездесуде ақ-қызылдар семейлік “Елімайдан” 2:1 есебімен жеңіліс тапты. Командадан бұл матчта тек Жайро Жан ғана гол соға алды.
“Ақтөбе” клубы бас бапкер Владислав Левчукты елордалық “Жеңіске” қарсы сәтсіз ойыннан кейін қызметінен босатуға шешім қабылдаған болатын. Алайда басшылық ойлана келе, маманға қайта аяққа тұруға мүмкіндік берді. Бірақ көріп тұрғандарыңыздай, “Ақтөбе” кезекті рет ұпай жоғалтты. Сол арқылы чемпиондықтан мүлдем алыстады.
Биылдыққа ешқандай турнирлерде бақ сынаспайтын ұжым Елімайға қарсы ойыннан кейін Владислав Левчукпен қоштасатын болыпты.
Бұған дейін, “Ақтөбе” осы маусым аясында украиналық Игорь Леоновты да қызметінен босатып еді.
Қазірде "ақ-қызылдар" ішкі чемпионаттың 19-турынан кейін 33 ұпай жинап, турнир кестесінде 4 орында келеді.