“Ақтөбе” клубында үлкен өзгерістер күтілуде, деп хабарлайды Aladop.kz.
Клубтың басқарма төрағасы Арман Оспанов Серый CARDINAL телеграм арнасына берген сұхбатында команданы тығырықтан шығарудың нақты жоспарын ашып айтты.
Неге Таркович таңдалды?
Команданың биылғы маусымдағы бастамасы сәтсіз болғанын басшылық та мойындайды. Небәрі үш турдан кейін Костовтың қызметінен босатылуы — соның дәлелі.
“Нәтиже үшін бас бапкер мен спорттық директор жауап береді. Қазір біз Словакиядан келген тәжірибелі маман — Штефан Тарковичпен келісімшарт жасастық. Ол екі көмекшісімен бірге жағдайды реттеп, команданың еңсесін көтереді деп сенеміз.” — деді Арман Оспанов.
"Порту” мен "Панатинаикос" үлгісі: Еуропалық деңгейге бетбұрыс
“Ақтөбе” тек бапкер ауыстырып қана қоймай, клубты басқару жүйесін түбегейлі жаңартуды қолға алған. Бұл ретте Португалиялық мамандардың тәжірибесіне басымдық берілмек.
Португалиядан келген мамандар команданың күш-қуатын арттырып, заманауи әдістемелерді енгізеді.
Клубқа әйгілі Карлуш Шаиньо шақыртылды. Ол тек жаңа ойыншыларды іздеумен (скаутинг) ғана емес, клуб ішіндегі департаменттердің жұмысын “Порту” мен “Панатинаикос” секілді алпауыттардың үлгісінде үйлестірумен айналысады екен.
Жазғы трансфер: Қосымша бюджет бөлінеді
Ең басты жаңалық — команда құрамының айтарлықтай күшеюі. Қазірдің өзінде екі жаңа ойыншымен келісімшарт жасалған. Алайда негізгі өзгерістер жазда болмақ.
Клуб басшысының айтуынша, жазғы трансферлік кезеңде команда сапасын арттыру үшін қосымша бюджет қарастырылған. Бұл “Ақтөбе” жанкүйерлерінің Еурокубоктар қарсаңында ірі трансферлерді күтуіне толық негіз болады.