“Ақтөбе” Әдиевті аңыратты – Бапкер дымсыз қалды

Бүгін, 18:29

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Әдиев және "Ақтөбе" айналасындағы жағдай нүктесін тапты, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Ақтөбе” Әдиевті аңыратты – Бапкер дымсыз қалды

Самаралық "Крылья Советов" клубы бапкерді қызметінен босатқаны белгілі болды. Осылайша, тәжірибелі маман қазіргі уақытта жұмыссыз қалды.

Жақында ғана Магомед Әдиевтің "Крылья Советов” лагерінен кетіп, Қазақстанға аттанғаны туралы ақпарат тараған болатын. Мақсат — "Ақтөбе” футбол клубымен келіссөз жүргізу еді. Алайда, тараптар ортақ мәмілеге келе алмаған сыңайлы. "Ақтөбе” басшылығы Әдиевтің орнына басқа шетелдік маманды таңдады.

"Ақтөбе" клубы ресми түрде Словакиялық маман Штефан Тарковичпен келісімшартқа отырды. Келісімшарт мерзімі "1+1" жүйесі бойынша жасалған (нәтижеге байланысты ұзарту мүмкіндігі бар).

Жаңа бапкердің бастауымен "Ақтөбе” алғашқы матчын 5 сәуір күні "Ұлытауға” қарсы өткізеді.

Осылайша, “Ақтөбе” бапкері бола қоямын деп командасына қадірі кеткен Магомед Әдиевтің мансабында күтпеген жағдай орын алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×