
«Ақтөбе» - «Елімай» да 8-турдың негізгі кездесуіне үміткер ойын.
ҚПЛ-дің 4-5-командаларының тартысында кімнің жолы болады?
«Ақтөбе» екі тур алдында «Тобылдан» ұтылған соң 0:2, қатарынан екі матчта жеңіске жеткен болатын (Ұлытаумен 1:0, Жеңіспен 1:0).
Енді бүгін тағы бір азулы қарсыласпен жолығып, ұпай тартып алуға тырысып көрмек. Вячеслав Левчукке бас бапкер міндетін атқарушы ретінде тағайындалған кезеңде әр кездесу маңызды екені түсінікті. Осы ретте «Елімаймен» болатын бәсекенің де рөлі ерекше - ұтылса қарсылас ұпай санымен теңеседі. Сондықтан, тікелей бәсекелеске қарсы ойынға алаң иелерінің тыңғылықты дайындалғаны сөзсіз.
Андрей Карпович өткен жолы «Оқжетпестен» оңбай ұтылды 0:2. Сондықтан, семейлік команда өзінің алаңында өткізген алғашқы кездесуіндегі сәтсіздігін түзетуі тиіс. Сол үшін бүгін Ақтөбеде қонақтар барын салады. Жүлдеден үміткер қарсыластардың теке-тіресінде кімнің жеңіске жететіні болжау қиын. Десе де, біз өз ойымызды қостық.
Болжам - матчтың жалпы тоталы 2.5-нан аз болады деп топшылаймыз. Fonbet.kz букмекерлік кеңсесінде бұл нұсқаға 1.78 коэффициентімен бәс тігуге мүмкіндік бар.
Біздің серіктес: FONBET