Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінің сырт алаңдағы матчында «Ақтөбе» Чехия мықтысы «Спартамен» күш сынасты.
Бірінші таймда қазақстандық клуб қарсыластың шабуылына төтеп бере алды. Алайда екінші таймда алаң иелері жеті минуттың ішінде үш гол соқты. Ал ойынның бітуіне санаулы секундтар қалғанда ақыры «Спарта» кездесудің нүктесін қойды.
Осылайша, «Ақтөбе» еурокубоктағы маусымын аяқтады.
«Спарта» (Прага, Чехия) — «Ақтөбе» (Ақтөбе, Қазақстан) — 4:0 (4:0)
Голдар: Бирманчевич 57 (1:0), Рынеш 60 (2:0), Кухта 64 (3:0), Рахмани 90+4 (4:0)
Бірінші ойын: 1:2.