Ақ-қызылдар маусымға дайындығын Ақтөбе қаласында пысықтамақ.
Николай Костов командасының алғашқы ОЖЖ 15-26 желтоқсан аралығында өтеді деген ақпарат бар.
Қазірде болгар маманы клубты керек емес футболшылардан тазалап жатыр. Соңғы деректер бойынша: Ақтөбе сапынан Богдан Ветэжелу және Неманья Анджелкович кетті. Бұл қатарға Уче Агбо, Идрис Умаев, Данияр Үсенов, Вячеслав Швырев және Лев Скворцов бар.
Жайро Жанның да командада қалу ықтималдығы 50/50 пайыздық көрсеткішті көрсетіп отыр. Әзірге шет мемлекеттен келген легионерге клуб тарапынан жаңа келісім шарт ұсынылмаған.