"Ақтөбе" ФК шабуылшысы елдегі ең қымбат футболшы атанды

Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен
Бас редактор
27.06.2024, 13:24

"Ақтөбе" футбол клубының және Қазақстан құрамасының шабуылшысы, Olimpbet-тің амбассадоры Максим Самородов елдегі ең қымбат футболшы атанды.

"Ақтөбе" ФК шабуылшысы елдегі ең қымбат футболшы атанды
Aladop.kz

Еске сала кетейік, кеше беделді Transfermarkt аналитикалық порталы ойыншылардың бағасы туралы жаңартылған деректерді жариялаған болатын. Самородовтың трансферлік бағасы қазіргі таңда 1,2 миллион еуроны құрады.

«Әрине, мұндай бағалау жақсы ғой, бірақ мен үшін ең бастысы бұл емес. Бұған аса мән бермеймін. Мен ең бастысы өсіп, футболшы ретінде танылып, өз клубыма және командамызға пайда әкелгім келеді!» – деп атап өтті Самородов.

Максим – Қазақстан чемпионатының трансферлік құны миллион еуродан асқан жалғыз ойыншы. Сонымен бірге, үздік үштікке енген Габи Кики (Ақтөбе) мен Валерий Громыко (Қайсар) 900 мың еуроға бағаланып отыр.

Максим Самородов – 21 жаста. Ол Қазақстан футболындағы жаңа буынның басты талантты ойыншысы атанды. «Ақтөбе» футболының түлегі 2021 жылдан бастап ұлттық құрама сапына алынды; Ол U-17 және U-21 құрамаларында да өнер көрсеткен.

Самородов жасыл алаңда алдыңғы шепте ойнайды, десе де әмбебап футболшы саналады. Оған шетелдік клубтар да қызығушылық танытуда. Шабуылшының өзі осы жазда Конференция лигасының іріктеу кезеңінде ойнайтын туған жері «Ақтөбедегі» мансабына басымдық береді. Клубпен келісімшарт 2024 жылдың соңына дейін жасалған.

Айта кетейік, биылғы маусымда Самородов жеке гол соғу рекордына қол жеткізіп отыр. Яғни, футболшы үшін әзірге ең жемісті маусым – КПЛ-2023 болып тұр, ол өз командасының сапында барлық турнирлерде 30 матч өткізіп, жеті гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Ал КПЛ-2024-те 11 ойында бес рет гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Olimpbet-тің амбассадорының ұлттық құрама сапында соққан үш голы бар.

Olimpbet-тің «OPEN EURO’24» акциясына қатысып, елордадағы екі пәтер мен автокөліктің бірін ұтып алыңыз! Футболдан Еуропа чемпионатының матчтарына болжам жасаңыз, ставкалардың айналымын жинаңыз және кепілдендірілген жүлделерді иеленіңіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×