Қазақстан Премьер лигасының 25-турында "Ақтөбе" мен "Астана" командалары арасындағы ойыннан кейін, Ақтөбеліктердің киім ауыстыратын бөлмесінде дау-дамай болғаны белгілі болды.
“Ақтөбе" бас бапкері Николай Костов матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында жағдайға түсініктеме беріп, команданың жеңілісіне ойыншылар арасындағы жанжалдың әсер еткенін мойындады.
"Үзіліс кезінде киім бөлмесінде өте жағымсыз жағдай болды. Бұл оқиға ойынның екінші бөлігіне қатты әсер етті. Сол себепті біз бірнеше ауыстыру жасауға және команданың психологиялық күйін өзгертуге мәжбүр болдық." — деді Костов.
Маманның айтуынша, ойыншылар арасындағы түсініспеушілік команданың бірлігін бұзып, алаңдағы өзара байланысқа кері әсерін тигізген.