“Ақтөбе” футболшысы басқа клубқа ауысты

17.03.2025, 17:45

“Ақтөбенің” түлегі, 19-жастағы жартылай қорғаушы Мирам Кикбаев 2025-жылдың соңына дейін Павлодардың “Ертіс” командасына жалға берілді.

“Ақтөбе” футболшысы басқа клубқа ауысты
Мирам Кикбаев

Кикбаев өткен маусымда “Ақтөбе” клубының қосалқы құрамында ойнап, Бірінші лигада 27 матч өткізіп, 4 гол соқты. Сонымен қатар, “қызыл-ақтардың” негізгі командасы сапында Лига кубогында бір ойынға қатысқан.

Айта кетейік, маусымаралық кезеңде “Ертісті” қазақстандық маман Қайрат Нұрдәулетов тізгіндеген болатын. Бұған дейін ол Түркістанның “Тұранымен” келіссөздер жүргізген, алайда тараптар ортақ келісімге келе алмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×