“Ақтөбе” Кабо-Верде құрамасының ойыншысы үшін 90 миллион теңге ұсынды

16.02.2026, 20:30

Ақтөбелік клуб Нидерландық ұжымның легионерін өз қатарына қосуға күш салып жатыр, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Ақтөбе” Кабо-Верде құрамасының ойыншысы үшін 90 миллион теңге ұсынды

Legalbet.kz порталының мәліметінше, “Қызыл-Ақтардың" назарына "Маастрихт” клубы мен Кабо-Верде құрамасының сол қанаттағы вингері Илано Силва Тимаш іліккен.

22 жастағы футболшы Нидерланды футболының мектебінен өткен. Ол кезінде "Фейеноорд", "Спарта" (Роттердам) және "Эксельсиор” секілді танымал клубтардың академиясында тәлім алған.

Нидерландының екінші дивизионында "Маастрихт” сапында 25 ойынға қатысып, 5 гол соқты және 5 нәтижелі пас берді.

2025 жылдың мамыр айында Малайзияға қарсы жолдастық кездесуде Кабо-Верде ұлттық құрамасы сапында дебют жасаған.

"Ақтөбе” басшылығы Нидерландық клубқа футболшы үшін 150 мың еуро (шамамен 90 миллион теңге) көлемінде ресми ұсыныс жасаған көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×