
«Ақтөбенің» де бүгін турнирлік кестенің көшін бастайтын мүмкіндігі бар.
«Атырауды» аямаған Игорь Леоновтың шәкірттерінің «Қайсарды» қапы қалдыратын күші де, әлеуеті де жетерлік. Егер жеңіске жетсе гол айырмашылығымен «Астананы» да, «Қайратты» да басып оза алады.
«Ақтөбе» әдеттегідей деңгейі төмен қарсыластарымен көп қиналмайды, ұпай жоғалтпайды. «Ордабасымен» бірінші турда 0:0 болған соң, қатарынан екі ойында 6 ұпайды еншіледі. Игорь Леоновтың жұмысына сын айта бастағандар табылған - Суперкубокте «Қайратқа» қарсы тұяқ серпи алмаған соң сыншылар даусы қаттырақ естіле бастаған еді. Бірақ украиналық маман команданы дұрыс жолға қойып, футболшылардың тілін тапқандай. Әзірше, бір қортынды жасау ерте, дегенмен ақтөбеліктердің ойыны жақсы. Ал ең бастысы нәтиже бар. Бүгін «Қобыланды батыр атындағы стадионға жиналғандар тек жеңіс көргісі келеді.
«Қайсар» екі ұпаймен турнирлік кестенің екінші жартысынан орын тепті. Виктор Кумыков «Оқжетпеспен» уыста тұрған 3 ұпайдан айырылған матчтан кейін біраз түйткілді тілге тиек еткен еді. Командадағы футболшылардың тәжірибесі аз деген ресейлік маман қызылордалықтар үшін маусымның ауыр болатынын меңзеді. Өздеріңіз білетіндей, ҚПЛ-2025-ті «қасқырлар» таза жергілікті ойыншылармен өткізуді ұйғарды. Одан не шығарын уақыт көрсете жатар, ал әзірше, үш турдан кейін екі тең нәтиже мен бір жеңіліс.
Бұл матчта жалпы тотал 3-тен кем болады деп болжаймыз. Алаң иелері аз күшпен тиімді нәтижеге жетуі ықтимал. Матчтың тоталы 3 голдан кем дегенге сіздер Fonbet. kz букмекерлік кеңсесінде 1.68 коэффициентімен бәс тіге аласыздар.
Біздің серіктес: FONBET