“Ақтөбе” қатарынан екі рет жеңіліс тапты. Жезқазғандықтардан тосын сый

21.09.2025, 11:00

Қазақстан Премьер лигасының 18-турынан кейінге шегерілген матчта Жезқазғанның "Ұлытауы" өз алаңында "Ақтөбені" 2:1 есебімен жеңіп, үлкен сенсация жасады.

“Ақтөбе” қатарынан екі рет жеңіліс тапты. Жезқазғандықтардан тосын сый

Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ алаң иелері белсенділік танытты. 6-минутта Георгий Бугулов бұрыштамадан келген допты баспен соғып, есепті ашты. Бірінші таймның соңына қарай "Ақтөбе” қысымды күшейтіп, Жайро Жан дәл соққымен есепті теңестірді.

Екінші таймда командалар алма-кезек шабуылдап жатты, 74-минутта Бағдат Данияров "Ұлытауға" жеңіс сыйлаған голды соқты. Осылайша, Жезқазғандық клуб маңызды жеңістерінің бірін тойлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×