“Ақтөбе” клубы Данияр Усеновпен келісімшарт жасауы мүмкін

04.04.2025, 11:30

Vesti.kz мәліметінше, “Ақтөбе” қазақстандық жартылай қорғаушы Данияр Усеновті қатарына қосуы мүмкін.

“Ақтөбе” клубы Данияр Усеновпен келісімшарт жасауы мүмкін
Данияр Усенов

“Талантты әрі жас ойыншы қызыл-ақтардың қатарына “Тоболдан” ауысуы мүмкін. Қостанайлық клубта шабуылдаушы жартылай қорғаушы позициясында ойыншылар тым көп”.

24 жастағы Усенов қазіргі таңда “Тобол” сапында өнер көрсетеді. Бұған дейін ол “Жетісу”, “Қайрат” және “Каспий” клубтарында ойнаған. Алматы командасының құрамында 2020 жылы Қазақстан Премьер-Лигасының чемпионы атанып, 2021 жылы Қазақстан Кубогын жеңіп алған.

                                            Өнер Айболат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×