“Ақтөбе” клубы “Қайратпен” болатын ішкі чемпионат кездесуін кейінге қалдырудан бас тартты

Алматылық клубтың басқа қарсыластары сөзге келместен, матчты басқа күнге ауыстырды.

“Ақтөбе” клубы “Қайратпен” болатын ішкі чемпионат кездесуін кейінге қалдырудан бас тартты

Жалпы ішкі чемпионаттың аяқталуына 4-тур қалды. Еурокубокте ел намысын қорғап жатқан “Қайрат” біріншіліктің қалған ойындарында “Жеңіс”, “Ақтөбе”, “Жетісу” және “Қызылжар” командаларымен бақ сынасады. 

Аталған ұжымдар арасында “Ақтөбеден” басқасының бәрі Қайратпен болатын кездесулерінің уақытын кейінге қалдыруға келісімін берді. Әрине, бұл шешім алматылық футболшылардың еурокубоктік қарсыластарға тыңғылықты дайындалуына мүмкіндік береді. Және чемпионаттан кейін ойыншылардың шаршап қалуына жол бермейді. 

Мәселен, “Ақтөбеге” қарсы 14 қыркүйектегі ойыннан кейін “Қайрат” ойыншылары Чемпиондар Лигасындағы ең алыс сапарына жолға шығады. Егерде ақ-қызылдар Алматы ұжымының жағдайына қарайласқанда, футболшылар 19 қыркүйекте болатын матчқа құрама кездесулерінен кейін бірден Лиссанбонға жол тартатын еді…

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 6
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×