Румыния құрамасының сол қаптал қорғаушысы Богдан Вэтэжелу маусым аяқталысымен, басқа команда іздейтін болады
2024 жылдың ақпан айында ақ-қызылдар сапына қосылған Богдан осы маусымда 23 матч өткізіп, 4 голдық пас берді.
32 жастағы футболшы Жетісуға қарсы кездесуде жарақат алып, соның салдарынан “Ақтөбенің” “Қайрат”, “Ұлытау” және “Қызылжармен” болған ойындарын жіберіп алды.
Жаңа маусымға қарай “Ақтөбе” командасынан біраз футболшы кетеді. Вэтэжелуда соның қатарында. Қазірде команда румыниялықтың орнын басар футболшымен келіссөздер жүргізуде екен.