“Ақтөбе” командасы УЕФА тарапынан қомақты айыппұл арқалауы мүмкін.

Алаң иесінің жанкүйері “Легия” футболшысына бөгде зат лақтырған

“Ақтөбе” командасы УЕФА тарапынан қомақты айыппұл арқалауы мүмкін.

Конференция Лигасының кешегі жоспарланған ойыны аяқталған соң, өз фанаттарына құрмет көрсетпек болған “Легия” футболшылары “Ақтөбе” фанаттарының шабуылына тап болды. 

Жергілікті фанаттар польшалықтарға бөтелке және Жан-Пьер Нсаменің жарақат алуына сеп болған оттық затын лақтырған. Нәтижесінде басына темір тиген ойыншы жасыл алаңда бүктелген күйі қалды.

УЕФА тарапы бұл жағдайды жауапсыз қалдырмайтыны белгілі. Футбол қауымдастығы “Ақтөбеге” кемінде 500 мың еуро айыппұл салуы мүмкін. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Ақтөбе ФК
Aladop Youtube
×