Армениялық ұжымда қазақ футболына таныс біршама азаматтар бар.
Соның бірі қазірде “Арараттың” атқарушы директоры қызметін атқарып жүрген Погос Галстян кезінде “Ақжайықта” бапкер болған.
2013 жылы оралдық команданы баптаған маман футболшылармен жақсы көрсеткіш көрсетті. Алайда бапкер “Ақжайықтың” қыруар қарызы салдарынан маусым аяқталмастан, қызметінен кетуге мәжбүр болды.
Қазірде білдей армениялық ұжымның басшысы болып отырған Галстян “Ақтөбеге” қарсы ойынды асыға күтетіндігін жасырмады. Алайда ол үшін “Ақтөбе” “Спартаны”, ал “Арарат” “Клуждан” басым түсуі керек. Сонда ғана келесі іріктеу кезеңінде ескі таныстар кездеседі.
Қазақ футболында жақсы атпен есте сақталған тағы бір азамат Камо Оганесянда Армения клубында өнер көрсетеді. Еске салсақ, қорғаушы 2018 жылдан 2023 жылға дейін Қазақстанда доп тепкен болатын.
Айта кетейік, “Астана”, “Қайрат” клубтарында жүргенде армениялық Қазақстан чемпионы атағына ие болды.