“Ақтөбе” командасының маусым алдында 7 футболшысы жарақат алды

22.02.2024, 20:12

ҚПЛ жаңа маусымының басталуына бір аптадай уақыт қалды. Алайда “Ақтөбе” командасының бастапқы құрам ойыншылары шетінен жарақат алуда, деп жазады Аладоп.кз.

“Ақтөбе” командасының маусым алдында 7 футболшысы жарақат алды

Түркияның Анталья қаласында дайындығын пысықтаған “ақ-қызылдардың” мына футболшылары жаңа маусымды лазаретте қарсы алады:

Абылайхан Жұмабек

Матео Барач

Бауыржан Байтана

Игорь Шацкий

Ыдырыс Умаев 

Арман Кеңесов

Рамазан Оразов

Айта кететіні, “Ақтөбе” біріншіліктегі алғашқы кездесуін 1 наурыз күні сырт алаңда “Қайсарға” қарсы өткізеді. Одан 4 күн өткеннен кейін Дмитрий Парфенов шәкірттері Павлодарға қонаққа бармақ.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×