«Ақтөбе» қорғаныс шебін күшейтпек

24.06.2025, 21:06

Еуропа лигасында өнер көрсететін ақтөбеліктер құрамын күшейтуді жалғастырып жатыр.

«Ақтөбе» қорғаныс шебін күшейтпек

Клуб «Қызылжар» команадасының намысын қорғап жүрген 23 жастағы қорғаушы Анатолий Козелнкоға қызығып отыр. Футболшы биылғы маусымда тұрақты түрде негізгі құрамда шығып жүр. Ол 10 мәрте жасыл алаңда доп тепкен. Ойыншы бұған дейін Қырғызстан чемпионатынан ауысып келген болатын.

Айта кетейік, «Ақтөбе» қазірдің өзінде ұлттық құрамаға шақырту алып жүрген Георгий Жуков пен Артур Шушеначевті қатарына қосып үлгерді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×