Камерундық Самара ұжымының медициналық тексерісінен өте алмады.
“Ақтөбедегі” келісім шарты аяқталмаған футболшы соңғы жағдайға байланысты Қазақстанға қайта оралуы мүмкін.
Жалпы Габи ақ-қызылдар сапында 2024 жылдан бері доп теуіп келеді. Содан бері камерундық “Ақтөбеде” 36 ойын өткізді.
Өз мансабында Кики “Эдинг Спорт”, “Днепр” Могилев, “Динамо” Брест, “Рух” және “Шериф” ұжымдарының жейдесін киді.
Айта кетейік, Кики ауыса алмаған “Крылья Советовты” Магомед Адиев баптайды. Самара қаласының клубы жаңа бапкермен осы маусымды өте жақсы қарқында бастады. Осыдан үш күн бұрын команда Ресей Премьер-лигасының 2-туры аясында Пари НН басым түсіп, чемпионаттағы алғашқы деңісіне қол жеткізді.