“Ақтөбе” қосынына қос футболшы келіп қосылды

17.02.2024, 15:41

27 жастағы нигериялық Элике Чибуике мен 25 жастағы гаитилік Жайро Жан “Ақтөбенің” Түркиядағы ОЖЖ келіп қосылды, деп жазады Аладоп.кз.

“Ақтөбе” қосынына қос футболшы келіп қосылды

Бойы 1,90 см құрайтын шабуылшы өз мансабында “Касима Антлерс”, “Беерсхот”, “Генчлербирлиги”, “Ашдод”, “Горица”, “Олимпия” және “Люцерн” клубтарының намысын қорғаған. Элеке орталық шабуылшы позициясында барлығы 116 кездесу өткізіп, 38 гол мен 13 голдық пасты өз атына жазған. Чибуике Блессинг “Люцерн” сапында жүрген кезде Швейцария Кубогының 8 кездесуінде 5 гол соғып, үздік сұрмергендер қатарынан табылды. 

Жайро Жан болса, өз мансабында “Сан Кристобаль”, “Реал Санта-Крус”, “Харабакоа” және “Олвэйс Реди” клубтарында доп тепті. Соңғы аталған ұжымда 25 жастағы ойыншы барлвғы 24 ойын өткізіп, 4 гол мен 3 голдық пас берді. Тізбектелген төрт командада өнер көрсеткенімен Жайро, бірде-бір рет жүлде жеңбеген. 

Трансфермаркет Жанды 350 мың еуроға бағалайды. 

Айта кететін, қос футболшы “Ақтөбенің” “Тобылға” қарсы кездесуінде дебют жасауы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×