"Ақтөбе" құрамын жаңа ойыншымен күшейтті, деп хабарлайды Aladop.kz.
Инсайдер Эльдар Аманбаевтың хабарлауынша, Ақтөбелік ұжым 23 жастағы Бразилиялық жартылай қорғаушы Жоау Гауденсиомен келісімшартқа отырды.
Жақында ғана Ұзын Құлақ телеграм арнасы "Ақтөбе” сапындағы кадрлық тапшылық туралы жазған болатын. Негізгі ойыншылардың жарақат алуына байланысты, командада небәрі бір ғана номиналды тірек жартылай қорғаушысы қалған еді. Дәл осы маңызды шепті нығайту үшін клуб басшылығы Бразилиялыққа таңдау жасады.
23 жастағы Жоау Гауденсио мансабында халықаралық тәжірибе жинап үлгерген.
2026 жылдың басына дейінгі мәліметтер бойынша, ол Жапониядағы жалдау мерзімінен кейін бразилиялық "Конкордия” клубына оралған.
Оң аяғымен жақсы ойнайтын Гауденсио алаң ортасындағы тепе-теңдікті сақтауға және қорғанысқа көмектесуге бейім.