“Ақтөбе” мен “Атыраудың” бұрынғы басшысы “Ордабасыға” ауысты

Бүгін, 11:03

“Ақтөбе” мен “Атырау” клубтарында тізгін ұстаған тәжірибелі маман Мақсат Тюмалиев енді Шымкенттік “Ордабасының” құрылымын нығайтуға кіріспек, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Ақтөбе” мен “Атыраудың” бұрынғы басшысы “Ордабасыға” ауысты

Тюмалиев — отандық футбол мен футзал саласында өзіндік қолтаңбасы бар тұлға. Оның мансабындағы маңызды белестерге көз жүгіртсек:

– “Ақтөбе” : Ол бұл клубта Бас директор қызметін атқарды. Айта кетерлігі, 2024 жылы жанкүйерлер арасында өткен сауалнамада халық дәл осы маманның “Ақтөбеге” басшы болып келуін қалаған болатын.

– Футзал қауымдастығы: 2025 жылдың наурызында Қазақстан футзал қауымдастығының Бас хатшысы болып тағайындалды.

– “Атырау” : Мұнайшылар сапында Бас менеджер қызметін атқарды. 

"Ордабасы” Тюмалиевті басшылық құрамға қосу арқылы ұйымдастыру жұмыстарын жоғары деңгейге көтеріп, команданың ішкі менеджментін күшейтуді көздеп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×