Қорғаушы Дмитрий Яшин өзбекстанның ортаңқол ұжымымен келісімге келді.
32 жастағы ресейлік “Машал” командасымен 1 жылдық келісім шартқа отырды. Қашқардария облысының ұжымы ішкі чемпионатта 12 орында келеді.
Яшин өз мансабында “Крумкачы”, “Байкал”, “Торпедо” Жодино, “Луч” Минск, Торпедо-БелАЗ-2, “Кубань”, “Ақтөбе” мен “Елімай” клубтарында өнер көрсетті. Қазақстандық ұжымдарды қоса есептегенде, Дмитрий Премьер-лигада 24 ойын өткізді.
Айта кетейік, “Машал” командасы осы трансферлік ауысымда шабуылшы Шохназар Норбековты да қатарына қосты.