«Ақтөбе» мен «Тобыл» өзара жеңімпазды анықтай алмады

20.07.2025, 22:08

Қазақстан Премьер-Лигасының 17-турында Ақтөбеде жергілікті «Ақтөбе» мен Қостанайдың «Тобылы» кездесті.

«Ақтөбе» мен «Тобыл» өзара жеңімпазды анықтай алмады

Бірінші таймда «Ақтөбе» есеп ашқандай болғанымен, төреші голды офсайд үшін есепке алмады. Екінші таймда алаң иелері шабуылды үдетіп, қарсылас қақпасына бірнеше қауіпті соққылар жасады. Қостанайлықтар да қарап қалмай, өз мүмкіндіктерін іздеді. Бірақ ешбір команда гол соға алмады.

Осылайша, кездесуде жеңімпаз анықталмай, ойын 0:0 есебімен аяқталды.

Қазіргі таңда «Тобыл» 35 ұпаймен турнир кестесінің үшінші сатысында тұр. «Ақтөбе» 33 ұпай жинап, төртінші орынға жайғасқан.

«Ақтөбе» — «Тобыл» 0:0

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×