“Ақтөбе” негізгі құрамы бюджетсіз қалды – Клубтың тағдыры енді кімнің қолында?

07.01.2026, 18:59

Облыс бюджеті негізгі команданың шығындарын өтемейді, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Ақтөбе” негізгі құрамы бюджетсіз қалды – Клубтың тағдыры енді кімнің қолында?

1,8 миллиард теңге қайда кетеді?

AmanVibe телеграм арнасының мәліметінше, 2026 жылы аймақ билігі клубқа шамамен 1,8 миллиард теңге бөледі. Бірақ бұл қаржы жұлдызды легионерлер мен негізгі құрамның жалақысына жұмсалмайды. Мемлекет бөлген ақша келесі бағыттарды сақтап қалуға бағытталмақ:

• Балалар мен жасөспірімдер футбол орталығы

• Команданың дубьлдеуші құрамы

• Әйелдер футболы

• Футзал бағыты

Негізгі команданы кім асырайды?

"Ақтөбе" негізгі құрамының барлық шығындары толығымен жеке инвестор — Нұрлан Артықбаевтың иығына жүктелмек. 

Мемлекет тарапынан қаржыландырудың тоқтауы клубтың трансферлік саясатына әсер етуі мүмкін. Алайда, инвестордың келуі команданы нарықтық жолға салып, тиімді басқаруға мүмкіндік береді деген үміт басым.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×