“Ақтөбе” нигериялық ойыншымен қайта келіссөздер жүргізіп жатыр

03.03.2024, 19:02

“Ақтөбе” ұжымнан ОЖЖ барысында кетіп қалған шабуылшы Элеке Чибуике Блессингті қатарына қайта қоспақ ниетте екен, деп жазады Аладоп.кз.

“Ақтөбе” нигериялық ойыншымен қайта келіссөздер жүргізіп жатыр

“Ақ-қызылдар” клубы бұл футболшыдан қиын мінезі мен оның тым жоғары жалақы талап етуіне байланысты бас тартқан болатын. Алайда Блессингтің жасыл алаңдағы ойны “Ақтөбенің” қайта ойланып көруіне себеп болып отыр. Қазірде қос тарап арасында келіссөздер жүргізілуде. Жақын аралықта барлығы шешілуі тиіс.

Осы жылдың 1 ақпан айынан бері клубсыз жүрген футболшыны трансфермаркет порталы 300 мың еуроға бағалайды. 

ҚПЛ жаңа маусымындағы алғашқы ойынында “Ақтөбе” “Қайсарға” қонаққа барып, қызылордалық ұжымды 1:3 есебімен тізе бүктірді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Масқара 2

Тегтер:

ҚПЛ Ақтөбе ФК
Серіктес жаңалықтары
×