“Ақтөбе” ойыншысы Доминикан құрамасына шақырту алды

“Ақтөбе” шабуылшысы Дорни Ромеро Доминикан құрамасының наурыз айындағы ойындарына шақырту алды, деп жазады Аладоп.кз.

“Ақтөбе” ойыншысы Доминикан құрамасына шақырту алды

23 және 26 наурыз күндері Доминикан Республикасы Аруба (өз алаңында) және Перу (сырт алаңда) құрамаларымен бақ сынасады. 

Дорни “Ақтөбе” командасына ауыспай тұрып “Олвэйз Рэди” командасында доп тепті. Ол аталған ұжым сапында бір маусым қорытындысы бойынша 25 гол соғып, Боливия чемпионатының үздік сұрмергені атанды. 

Жалпы Ромеро Доминикан құрамасында 2019 жылдан бері 27 ойын өткізіп, 11 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×