«Ақтөбе» - «Оқжетпес» кездесуіне болжам

17.08.2025, 15:42

«Ақтөбе» 19 матчта 33 ұпай жинап, бесінші орынға жайғасқан.

«Ақтөбе» - «Оқжетпес» кездесуіне болжам
«Ақтөбе» футболшыларының жаттығуы

Доп айырмасы 27-16. 10 жеңіс, 3 тең ойын мен 6 жеңіліс. Оның екеуі соңғы екі турда орын алды - «Жеңіс» пен «Елімайдан» ұтылып, тіпті семейліктерді алдына салып алды. Бүгін енді «ақ-қызылдар» етек-жеңін жинап, есе қайтаратын уақыт. Бірақ, қарсылас та оңай емес. «Оқжетпеске» де ұпай ауадай қажет. «Ақтөбе» өз алаңында жаңа бапкер Н. Костовтың жетекшілігімен жеңіс тіркеп, үздіктердің қатарына орала ма? 

Қайрат Нұрдәулетовтің командасы өткен жолы өз алаңында «Жетісудан» жеңілген еді 1:2. Бірақ, талдықорғандық клуб ереже бұзғаны анықталып, техникалық жеңіліс жазылды. Қазір «Оқжетпес» пен «Ақтөбе» арасын бір-ақ ұпай бөліп тұр. Егер көкшетаулықтар Ақтөбе жерінде жеңіс тіркеп жатса, бүгінгі қарсыласынан озып кетуі ықтимал. Қалай дегенде де, өте тартысты ойын күтіледі. Екі ұжымға да жанкүйер алдында дәлелдейтін дүние жетерлік, әсіресе алаң иелеріне. 

Ықтимал нұсқа - матчтағы голдардың жалпы тоталы 2.5-тен кем. Бұған Fonbet.kz кеңсесінде 1.83 коэффициентпен бәс тігуге болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×