«Ақтөбе» өз алаңына масқара жеңіліске ұшырады

03.08.2025, 22:07

«Ақтөбе» мен астаналық «Жеңіс» Қазақстан Премьер-Лигасының 19-турында кездесті.

«Ақтөбе» өз алаңына масқара жеңіліске ұшырады

Ойын барысында алаң иелері айқын басымдыққа ие болды. Aлайда олар қарсылас қақпасы маңында бірқатар мүмкіндікті пайдалана алмады. Өз кезегінде шабуылшы Оралхан Өміртаев өз қақпасына автогол соғып алды. Жығылғанеа жұдырық демекші, матчтың соңына таман «Ақтөбе» капитаны Бақыт Қайыров қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Ал соңғы минутта нүктені Адилио қойды.⠀

Осылайша, «Ақтөбе» 33 ұпаймен турнир кестесінде төртінші орында қалып отыр. «Жеңіс» 27 ұпаймен кестенің ортасында орналасқан.

⠀«Ақтөбе» — «Жеңіс» 0:2 (0:0)

Голдар: Өміртаев (автогол) 59 (0:1), Адилио 90+5 (0:2)

Қызыл қағаз: Қайыров 83 минут

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×