“Ақтөбе” сапы жаңа ойыншымен толығады

08.08.2024, 11:14

28 жастағы вингер Фредди Гандола “Ақтөбемен” келісімшартқа отыру үшін Қазақстанға келіпті.

“Ақтөбе” сапы жаңа ойыншымен толығады

Гандола өз мансабында біраз командада өнер көрсеткен. Соның қатарында мексикалық “Ле Пьедад”, панамалық “Университарио”, “Тауро”, колумбиялық “Тачира”, “Яракуянос”, израильдік “Бней-Рейне”. Фредди 2018 жылы өз елінде чемпион атанған.

2015/16 жылғы маусымнан бері вингер кәсіби футболда 233 ойын өткізіп, 48 гол мен 14 голдық пас берген. 

Жақында “ақ-қызылдардың” толыққанды ойыншысы атануы тиіс Гандола “Ақтөбенің” ішкі чемпионаттағы “Атырауға” қарсы кездесуінде дебют жасауы мүмкін деп күтілуде. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

Ақтөбе ФК
×