«Ақтөбе» шабуылшысы Айдын Желькович командаласы Луиш Нани туралы ойын айтып, пікірімен бөлісті.
«Әрине, бұл сенгісіз жайт. Бұл – керемет жаңалық. Барлығымыз оның қандай керемет мансап жолын өткергенін білеміз. Нани біздің командамызға да көп нәрсе қосады деп үміттенеміз. Біз команда ішінде бұл туралы көп сөйлеспедік, бірақ Луиштің сапалы әрі тәжірибелі ойыншы екені белгілі. Бәріміз де оның келгеніне қуаныштымыз. Ол – менің мансабымдағы ең мықты әрі жұлдызды әріптесім. Әрине, мен оған көмектесуге дайынмын. Нани ағылшынша сөйлейді, мен де білемін. Командада шет тілін білетін жалғыз мен емеспін, басқа жігіттер де бар. Құдай қаласа, оның үйренісіп кетуіне жәрдемдесеміз», – деді А. Желькович «ASnews.kz» сайтына берген сұхбатында.
Қоса кетейік, жуырда «Ақтөбе» қатарын шабуылшы Айдын Желькович толықтырған болатын. 28 жастағы швециялық футболшы өткен маусымды «Вернаму» командасының сапында өткізген. Швеция жоғары лигасында 27 ойында, жеті гол мен екі нәтижелі пастың авторы атанды. Ал ақтөбеліктердің биылғы маусым алдындағы ең ірі трансфері португалиялық Луиш Нани.