«Ақтөбе» - «Спарта»: отандық мамандарды «қорқытқан» статистика. «Ақтөбенің» Еурокубоктік сапары осы жерден аяқтала ма?

24.07.2025, 11:06

Белгілі бапкер Алмас Құлшынбаев «Ақтөбенің» КЛ 2-іріктеу кезеңіндегі бірінші кездесуіне қатысты болжамын айтып, чехиялық клубқа тоқталды.

«Ақтөбе» - «Спарта»: отандық мамандарды «қорқытқан» статистика. «Ақтөбенің» Еурокубоктік сапары осы жерден аяқтала ма?
"Ақтөбе" - "Легия" кездесуі

Бүгін отандық ұжым өз алаңында чехиялық «Спартаны» қабылдайды. Жауапты кездесу 361-шілдеде Прага қаласында өтеді.   

«Чехия футболы Польшанікінен әлдеқайда жоғары деп есептеймін. Бұл әрине менің жеке ойым. Сондай-ақ, «Спарта» да «Легияға» қарағанда мықтырақ. Бұл жерде әрине, «Ақтөбе» ары қарай өтсе деген тілек бар. Неге десеңіз, олар онсыз да бір турнирден ұшып кетті, енді сондай оқиға тағы қайталанбаса екен дейміз. Ал шынымды айтсам, жеребені көрген соң бірден мықты қарсыластың түскенін түсіндім. Алдыңғысынан да азулы клуб кез келді. Шамамен 80 де 20 пайыз ары қарай прагалық команда өтеді деп жорамалдаймын. Қалай дегенде де бір ғажайыпқа сенеміз, «Ақтөбе» зордың күшімен жеңіске жетеді деп тілейміз. Сырт алаңда тең ойнаса... Өз алаңында «Легияға» қарсы тәуір өнер көрсетіп еді ғой. Бірақ тағы да қайталап айтайын, «Спарта» «Легиядан» мықтырақ. Жан-жүрегіммен «Ақтөбеге» жанкүйерлік етемін, алайда чехиялық ұжым басым түсетін сияқты», - деді А. Құлшынбаев «Аладоп.кз» сайтының тілшісіне берген сұқбатында. 

Вячеслав Левчуктің командасы осыған дейін Еуропа Лигасының бірінші кезеңінде польшалық «Легиядан» өте алған жоқ. Қос ойын қортындысы 0:2 (0:1, 0:1).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×