“Ақтөбе” басшылығы стадионның үйдегі ойындарды қабылдауға дайындығын бақылап қайтты.
Азамат Шайхы бастаған басшылар “Ақтөбедегі” спорттық нысанның жасыл желегінің сапасын көрді. Тексерісті жүргізген атақты агроном Виктор Яроменко алаңның келер ойынға дайын екендігін жеткізді.
Өз кезегінде клуб басшысы Азамат Шайхы жауапты азаматтарға “Ақтөбенің” “Астанаға” қарсы 4 мамырда өтетін кездесуіне дейін стадионды сайлап қоюын тапсырды. Орталық стадион алғашқы ойынға дейін толық сертификатталуы міндетті.
Бұған дейінгі өз алаңдарындағы кездесулерін “Ақтөбе” №8 Облыстық мамандандырылған балалар-жасөсіпірімдер спорт мектебінде қабылдап келді.
Біздің серіктес: FONBET