"Ақтөбе" футболшылары жаңа маусым қарсаңындағы дайындықтың екінші кезеңін бастамақ, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бұл жолы команда Түркия елінде шеберліктерін шыңдап, оқу-жаттығу жиындарын өткізеді.
Серый CARDINAL телеграм арнасының мәліметінше, Түркиядағы жиын 3 ақпан мен 25 ақпан аралығында өтеді. Клуб “Ротор”, “Навбахор”, “УФА” және “Сочи” командаларымен жолдастық матч өткізбек.
Қазіргі таңда "Ақтөбе" сапының негізі қаланып қойған. Дереккөздің хабарлауынша команда құрамы 90%-ға дайын, тек бірнеше позицияны күшейту ғана қалған екен.