“Ақтөбе” Украиналықтарға сенім артпақ – АПЛ-де топ тепкен ойыншы ҚПЛ-ге келе ме?

20.12.2025, 13:55

"Ақтөбе" қатарын жаңа ойыншымен толықтырды, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Ақтөбе” Украиналықтарға сенім артпақ – АПЛ-де топ тепкен ойыншы ҚПЛ-ге келе ме?

Ресейлік БАҚ мәліметінше "Ақтөбе" Украина құрамасының бұрынғы қорғаушысы, 33 жастағы Иван Ордецпен келісімшартқа отырған. Ол мансабында "Шахтер" (Донецк), Мәскеулік "Динамо” және Германиялық "Бохум" секілді деңгейі жоғары клубтарда ойнаған.

Бойы 195 см Ордец әуедегі допқа өте мықты және алаңды көру қабілеті жоғары. Ол командадан кеткен Анджелковичтің орнын басады деп күтілуде.

Бұдан бөлек, “Қызыл-Ақтардың” нысанасында тағы үш орталық қорғаушы бар. Олардың барлығы — 30 жастан асқан және Украина ұлттық құрамасында ойнаған тәжірибелі футболшылар.

Олар:

• Артем Шабанов ("Металлист")

• Тарас Качараба (Словаккиялық "Дунайска Стреда” капитаны)

• Никита Бурда ("Колос")

Клуб бұл ойыншылардың барлығын бірдей қатарға қосуды жоспарлап отырған жоқ. Көп нәрсе команданың негізгі қорғаушысы Талғат Кусяповтың шешіміне байланысты болмақ. Клуб басшылығы отандық талантты командада алып қалу үшін барын салады.

Ярмоленко "Ақтөбеге" келе ме?

Украина футболының тірі аңызы, 36 жастағы Андрей Ярмоленкоға қатысты да қызықты ақпараттар бар. Қазіргі таңда Киевтік "Динамода" ойнап жүрген ардагер футболшы мансабын аяқтау туралы ойланып жүрген көрінеді.

Алайда, "Ақтөбенің” келесі маусымдағы бас бапкерінің кім болатыны Ярмоленконың шешіміне әсер етуі мүмкін дейді дереккөздер. Егер келіссөздер сәтті өтсе, бұл Қазақстан чемпионаты үшін маусымның басты сенсациясы болары сөзсіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×