“Ақтөбе” жаңа кезең қарсаңында – Григорчук пен жаңа басшылықтан не күтеміз?

Бүгін, 08:16

Қазақстан футболының флагмандарының бірі "Ақтөбе" клубында қызу дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Клуб тек құрамды емес, басқару жүйесі мен жаттықтырушылар штабын да қайта қарауды қолға алған, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Ақтөбе” жаңа кезең қарсаңында – Григорчук пен жаңа басшылықтан не күтеміз?

Дереккөздердің мәліметінше "Ақтөбе" басшылығы Украиналық маман Роман Григорчуктың қызметіне айтарлықтай қызығушылық танытып отыр. Бұл кездейсоқ таңдау емес, Григорчук — Еурокубоктарда тәжірибесі мол, команданың ішкі тәртібі мен тактикалық сауаттылығын жоғары қоятын маман.

Оның "Астана” клубындағы жемісті жұмысы мен Қазақстан футболының ішкі ерекшеліктерін жақсы білуі — басты артықшылықтарының бірі.

Егер келісім сәтті аяқталса, Григорчук "Ақтөбеге" Еуропалық деңгейдегі кәсібилік пен шабуылдаушы стиль әкелуі мүмкін.

Сонымен қатар клубтың стратегиялық бағытын айқындайтын жаңа бас директордың есімі де анықталған көрінеді. Ресми мәлімдеме қаңтар айындағы мерекелік күндер аяқталғаннан кейін жасалмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×