“Ақтөбе” жанкүйерлеріне сүйінші – Клубтың қазынасы тағы бір алпауыт демеушімен толығады

Бүгін, 15:03

Батыс Қазақстанның мақтанышы “Ақтөбе” клубының қаржылық жағдайы жақсара түспек, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Ақтөбе” жанкүйерлеріне сүйінші – Клубтың қазынасы тағы бір алпауыт демеушімен толығады

Соңғы шыққан мәліметтерге сүйенсек, “Қызыл-ақтардың” қатарына жаңа, ірі инвестор қосылуға жақын.

“Ұзын құлақ” телеграм арнасы таратқан ақпарат бойынша, биылғы маусымда клубтың жаңа демеушісі ретінде еліміздегі ең ірі бәс тігу компанияларының бірі таныстырылмақ. Қазіргі таңда екі тарап арасындағы келіссөздер соңғы кезеңіне өтіп, ресми құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүріп жатыр.

Қалыптасқан этикалық нормаларға сай, компанияның атауы әзірге құпия сақталуда. Алайда, бұл серіктестіктің ауқымы мен сомасы айтарлықтай жоғары көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×