Ақтөбеде салынатын стадионның жоспары таныстырылды

20.11.2025, 10:50

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалада салынатын жаңа футбол стадионы жайында маңызды мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды, Aladop.kz.

Ақтөбеде салынатын стадионның жоспары таныстырылды
Асхат Шахаров

Әкімнің айтуынша, стадионның орын саны нақты сұранысқа қарай есептелген. Соңғы жылдары Ақтөбеде өткізілген Eурокубок матчтарына 160 мыңнан астам билет өтінімі, ал ішкі чемпионат ойындарына 50–55 мыңға дейін сұраныс түскен. Бұл жанкүйер белсенділігінің өте жоғары екенін көрсетеді. Сол себепті сарапшылармен кеңесе отырып, 35 мың көрерменге арналған стадион салу туралы шешім қабылданған eкен.

Асхат Шахаровтың сөзінше, мамандар жүргізген талдауларға сай стадион құрылысын екі жыл ішінде толық аяқтауға мүмкіндік бар.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 16
Ұнамайды 6
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×