“Ақтөбеде” тағы да бір отставка – Кеше келді, бүгін кетті

Бүгін, 14:37

"Ақтөбе" айналасындағы шытырман оқиғалар толастар емес. Қызметіне кіріскеніне небәрі үш ай толған басшының креслосы теңселді, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Ақтөбеде” тағы да бір отставка – Кеше келді, бүгін кетті

Aқпарат көздерінің хабарлауынша, клубтың басқарма төрағасы Арман Оспанов жақын арада қызметінен босатылуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, Арман Оспанов бұл лауазымға осы жылдың 8 қаңтарында ғана тағайындалған болатын. Арада небәрі 90 күндей уақыт өткенде, клуб басшылығын ауыстыру туралы шешім пісіп-жетілген көрінеді.

Мәліметтерге сенсек, жұмыстан босату туралы ресми шешім ҚПЛ-дың 7-ші туры аясындағы "Ақтөбе" — "Ертіс” матчына дейін жариялануы тиіс. Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда өтетін бұл ойынды клуб жаңа басшымен қарсы алуы әбден мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×