Батыс Қазақстанның бас командасында үлкен өзгерістер орын алмақ, деп хабарлайды Aladop.kz.
Ертең клубтың жаңа басшысы ресми түрде таныстырылады. Алайда бұл есім көпшілікке таныс әрі қоғамда үлкен пікірталас тудырып үлгерген көрінеді
Жаңа басшы — Арман Оспанов
Серый CARDINAL телеграм арнасының мәліметінше клуб тізгінін Арман Оспанов ұстайтыны белгілі болды. Ол қазірдің өзінде Ақтөбе қаласына келіп, жұмысқа білек сыбана кірісіп кеткен.
Дереккөздердің хабарлауынша, Оспанов тек құжаттарды реттеп қана қоймай, жаңа маусымға ойыншылар жинау үшін келіссөздерді де бастап жіберген.
Инвестордың сенімі және өткен күннің көлеңкесі
Бұл тағайындаудың басты тірегі — клуб инвесторы Нұрлан Артықбаев. Ол жаңа басшыға толық сенім артып отыр. Бірақ жанкүйерлер арасында "Арекеге” қатысты сұрақ көп. Оған себеп — Оспановтың бұған дейін "Ақтөбе” клубы мен оның қызуқанды жанкүйерлері туралы айтқан даулы пікірлері.
Ертең бәрі ашық айтылады
Дереккөздің жазуынша Ең басты интрига ертеңгі жиында шешілмек. Арман Оспанов жанкүйерлер алдында бұрынғы айтқан сөздеріне қатысты жеке өзі түсініктеме беріп, барлық күмәнді сейілтуі тиіс.