
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров "Ақтөбе" футбол клубының бапкерлік құрамы және ойыншыларымен арнайы кездесу өткізді. Жиын барысында өңір басшысы командаға қолдау білдіріп, оларды алдағы маңызды ойындарға жігерлендірді. Ол футболшыларға облыс тұрғындарының зор сенім артатынын айтып, алаңда бар күш-жігерін салуға шақырды.
Кездесу барысында Асхат Шахаров Ақтөбеде жаңа заманауи стадионның құрылысы жақын арада басталатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа стадион халықаралық талаптарға сай салынып, көрермендер үшін қолайлы жағдайлармен жабдықталады. Бұл тек "Ақтөбе” клубы үшін ғана емес, жалпы облыстың спорттық инфрақұрылымы үшін маңызды қадам болмақ.
Әкім атап өткендей, жаңа аренаның құрылысы 2025 жылдың екінші жартысында басталып, бірнеше кезеңмен жүзеге асырылады. Бұл жоба футболды әрі қарай дамытуға, жастарды спортқа баулуға үлкен серпін береді деп күтілуде.
Айболат Өнер
Біздің серіктес: FONBET